БІЗ ТУРАЛЫ

LOK BAQSY, Алматы қаласы

«BAQSY» шипажайы сізді қарсы алады! «BAQSY» шипажайында демалыс пен сауығу – жайлы тұру, жоғары деңгейдегі қызмет көрсету және заманауи медициналық емдеу әдістерінің үйлесімі. Шипажай Алматы қаласынан небәрі 40 шақырым немесе 1 сағаттық жолда, Іле Алатауының бөктерінде, Қарғалы ауылында орналасқан.Курорттың негізгі емдік факторы – құрамында кальций, калий, магний, сульфат және фосфат бар минералды сулар мен Алакөл көлінің шипалы балшығы. Бұл компоненттер жоғары минералданған және емдік қасиеттерге ие.Шипажай әрбір адамның ауру ерекшеліктері мен медициналық көрсеткіштерін ескере отырып, қалпына келтіру және емдік-сауықтыру процедураларының кең спектрін ұсынады. Шипажай-курорттық емдеу табиғи, климаттық және басқа да емдік факторларды пайдалану арқылы әртүрлі аурулар бойынша жүргізіледі. Олардың қатарына асқорыту жүйесінің аурулары, жүрек-қантамыр жүйесінің сырқаттары, неврологиялық аурулар, тыныс алу органдарының аурулары және басқа да дерт түрлері жатады.
АУМАҚ
«BAQSY» шипажайы 16 гектар аумақта орналасқан және бір мезгілде 166 демалушыны қабылдай алады. Төрт қабатты тұрғын корпус емдік-диагностикалық кешенмен, мейрамханамен және бювет аймағы бар кең фойемен біріктірілген. Корпус бассейнмен, спорт кешенімен және жасыл желекке көмкерілген ЛОК аумағымен терренкур жолақтары арқылы байланысқан. Шипажайдың интерьерлері мен тыныш табиғаты емделу мен демалуға тамаша жағдай жасайды.
БІЗ ТУРАЛЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТ
Кешен аумағы – 16 гектар
Екі тұрғын корпустары (жоғарғы және төменгі)
Бювет – минералды немесе артезиан су көзіне жақын орналасқан арнайы павильон, суды ластанудан қорғау және ыңғайлы пайдалану үшін
Бассейн кешені – 25×12 м, тереңдігі 1,9 м, минералды сумен толтырылған
Футбол алаңы
Тұз шахтасы
Жазғы алаң (150 адамға дейін)
Терренкур жолы (5 км)
Қонақтарға арналған автотұрақ (50 орын)
Демалушылардың қауіпсіздігін тәулік бойы күзет қызметі, бейнебақылау, өртке қарсы дабыл жүйесі және тәулік бойы жұмыс істейтін медицина пункті қамтамасыз етеді.
ОРНАЛАСУ
Қонақтар үшін әртүрлі санаттағы 65 жайлы нөмір ұсынылады. Барлық нөмірлер демалуға қажетті жағдаймен жабдықталған: 2 орынды стандарт; 3 орынды стандарт; 4 орынды люкс
ЕМДЕУ
Біздің шипажай келесі қызметтерді ұсынады:
-Төмендегі мамандардың бастапқы консультациясы: терапевт, невропатолог, кардиолог, инфекционист
-Амплипульстерапия
-Бассейн (кесте бойынша)
-Шарко душы
-Минералды ванналар
-Минералды сумен ингаляция
-Дозаланған климатотерапия
-Оттекті коктейль
-Емдік дене шынықтыру (ЛФК)
-Парафин
-Тұз шахтасы
-Тюбаж + Құю процедурасы
-Ультракүлгін сәулелену
-Фитотерапия
-ЭКГ
-Электрофорез
-Магнитотерапия
-Дарсонвализация
-Мойын иық аймағына арналған электр массажы
-Ерлерге арналған: шаш қию немесе бетке арналған маска
-Әйелдерге арналған: маникюр немесе бетке арналған маска

Өзіңізбен бірге талдау нәтижелері болуы тиіс:
Жалпы қан талдауы, зәр талдауы, іш қуысы және бүйрек УДЗ қорытындысы.
БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТТЕР
+77273106826
Мекен-жайы: Қазақстан, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы Сат Ниязбеков көшесі, 281.


ЖАҢАЛЫҚТАРДАН ХАБАРДАР БОЛЫҢЫЗ
Осы нысанды толтыра отырып, сіз дербес деректерді өңдеуге келісім бересіз
© 2025
Осы сайтты пайдалана отырып, сіз оны сізге ыңғайлы етуге көмектесетін cookie файлдарын пайдалануға келісім бересіз. Толығырақ
ПОДПИШИСЬ ПО EMAIL
Оставляя свои контактные данные в этой форме, вы даете свое согласие на обработку персональных данных